Жаңа кітаптар
2025-01-10
ӘБЕНІҢ ӘЛЕМІ
Қолдарыңыздағы «ӘБЕНІҢ ӘЛЕМІ» атты фотоальбомның авторы–қазақ фотоөнерінің абаданы атанған әйгілі фототілші, суреттері уақыттың қазанында қайнаған сайын құнды жәдігерге баланған, бармағымен қазақтың маңдайына біткен талай бағланын таспаға басып, тұтас дәуірдің дара бейнесін жазған Сайлау Пернебаев болса, кейіпкері–әдебиет әлемінің абызы һәм аңызы, Ұлы Отан соғысының ардагер-батыры Әбдіжәміл Нұрпейісов.
Фотокітапты парақтап отырып, Әбенің жарқын бейнесін көріп, кешегі әдебиетіміздің дәуірлеп тұрған шағындағы елеулі сәттерге куә боласың. Жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов пен жас Әбдіжәміл, ел ағасы Әбдіжәміл, ақсақал Әбенің жүзіндегі шынайы эмоция, шынайы өмір, бәрі-бәрі жып-жылы әсер сыйлайды.
Фотоальбом әдебиетшілерге және руханиятқа қызығатын оқырманға арналған.
Автором фотоальбома «МИР АБЕ», который вы держите в своих руках, является Сайлау Пернебаев, известный фотокорреспондент, ставший легендой казахского фотоискусства, чьи снимки, закипая в котле времени, становятся драгоценными реликвиями, запечатлевший на ленте множество великих личностей казахского народа, написавший уникальный образ целой эпохи, а герой данного фотоальбома – Абдижамил Нурпеисов, являющийся настоящей легендой литературного мира, ветеран войны.
Листая фотокнигу, вы увидите яркий образ Абе и станете свидетелем знаменательных моментов нашей литературной эпохи прошлых лет. Искренние эмоции, отражающиеся на лице писателя Абдижамил Нурпеисова и юного Абдижамиля, старейшины Абдижамиля, аксакала Абе, и его реальная жизнь, все они оставляют благоприятное впечатление.