Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жаңа кітаптар

2022-07-28

Асыл қиқым. Әңгімелер/ Серік Нұғыман

Нұғыман С. Асыл қиқым. Әңгімелер/ Серік Нұғыман. – Алматы: «БИБІ-АНА» қайырымдылық қоры» баспасы, 2022. – 400 б.

Асыл қиқым. Әңгімелер/ Серік Нұғыман

     Әдебиетімізде өзіндік қолтаңбасын әлдеқашан айқындаған талантты қаламгер Серік Нұғманның бұл жинағына әр жылдары жазылған әңгімелері топтастырылып отыр. Шығармалардың бәрі дерлік ой ағысына құрылған, ішкі толғаныс, шиыршық атқан драмалық тартысты хал арқылы кейіпкер жандүниесінің небір нәзік иіріміне терең бойлап, құпия қатпарына сәуле түсіреді. «Өмірдің мәні не?» «Мен кіммін?» «Неге бұлай?..» деген тәрізді күрмеуі қиын сауалдарды көлденең тарта отырып, зерделі оқырманды жұмбағы шексіз болмыстың кең шиырына жетелейді. Кітаптың тілі оралымды, айшықты. Жинақ бетін парақтаған сайын автордың байырғы қордалы бай тіліміздің құнарынан молынан сусындағанына көзіміз жете түседі. Шебер қаламнан шыққан «Құрдым», «Тұқым», «Қуғыншы», «Ақын» т.б шоқтықты әңгімелер шоғыры бүгінгі қазақ прозасындағы тың ізденістердің сәтті үлгісі екені даусыз.