Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жаңа кітаптар

2024-07-02

Бөкей О.: "Терісаққан

Бөкей О.: "Терісаққан

Тарих толқынында сан қилы сынақтарды бастан өткерген халықтың қысылтаяң шақта ұлттық дүниетаным мен құндылықтарға, дала заңына арқа сүйегені оқиғалар желісінен анық көрінеді. Кейіпкерлердің өмірге деген көзқарасы табиғат құбылыстарымен жымдастыра бейнеленіп, оқырманды ерекше күйге бөлейді. Жазушы соғыстың кермек дәмін татқан аға буын мен өртеңнен шыққан ұрпақтың қасіретін, аяқасты болған арман-тілектерінің сұрауын адамнан емес, заманнан іздейді. Кітап қалың оқырман қауымға арналады