Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жаңа кітаптар

2024-12-12

Дүние – қобыз, мен – абыз

Несіпбек АЙТҰЛЫ

Дүние – қобыз, мен – абыз
Қазақтың аса көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «ІІІ дәрежелі Барыс» ордендерінің иегері Несіпбек Айтұлының бұл кітабына соңғы жылдары жазылған жаңа туындылары мен бұрын жеке жинақ болып жарық көрмеген, халыққа кеңінен таныс әнге жазылған өлеңдері енгізіліп отыр. Қара өлеңнің қара қайнарынан қанып ішіп, жыраулар сарынының түтінін үзбей бүгінге жеткізген жампоз ақынның терең толғанысқа, жұмбақ сырға, ыстық сезімге толы, тілі шұрайлы, ойы құнарлы сан-салалы шығармалары қалың оқырман қауымның көңілінен шығарына күмәніміз жоқ.
Несіпбек Айтұлы – өз заманын жеріне жеткізе жырлап жырау атанған, Әлішер Науаидай әлем классиктерін туған тілімізге аударған кесек талант.