Жаңа кітаптар
2026-09-08
Джо Диспенза: «Ақылдың мүмкіндігі шексіз»
Қарапайым адамдар түпсананың күшімен мүмкін емес нәрсені қалай жасайды?
Адамның мүмкіндігі шектеулі ме? Санамаыздың күші арқылы шындықты өзгерте аламыз ба? Доктор Джо Диспенза осы сұрақктарға ғылыми дәлелдер мен терең рухани тәжірибелер арқылы жауап береді.
Автор бұл кітапта ой мен дененің байланысын зерттеп, қарапайым адамадардың сана қуаты арқылы ерекше өзгерістерге қол жеткізе алатынын баяндайды. Мидағы нейропластика, кванттық физика, эпигенетика сынды ғылым салаларын түсінікті тілмен ұсына отырып, адамның санасын қайта бағдарлап, денсаулығын, өмір салтын, тіпті болашағын өзгертуге болатынын дәлелдейді.
Кітап тұлғалық даму мен тығырықтан шығу жолын іздеген кез келген оқырманға арналады.