Жаңа кітаптар
2021-09-20
«Есенғали»
«Есенғали»
Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Есенғали Раушановтың өмірден өткеніне біршама уақыт болды. «Жазушы» баспасы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы жазылған рецензиялар, мақалалар, өлең-толғаулар, өмірден өткеннен кейін мерзімді басылымдарда, әлеуметтік желіде жарияланған жазбалар, қоштасу мақалалары топтастырылған көлемді еңбекті жарыққа шығарды.
Жанат Әскербекқызы мен Жомарт Оспан құрастырған кітапқа жауапты редактор Светқали Нұржан, ал редактор Әнуар Бимағамбет болған.
Жинақтың «біссімілләсі» заңғар қаламгер Әбіш Кекілбайұлының Есенғали Раушанов Маңғыстауда шығармашылық кеш берген кезінде сөйлеген сөзімен басталады.
Ал кітаптың ішкі мұқабасында Қадыр Мырза Әли, Әбіш Кекілбайұлы, Серік Ақсұңқар және Светқали Нұржанның пікірлері берілген.
«Есенғали Раушанов. Бұл – өз үнін, поэтикалық формасын тапқан, шынмәнінде дап-дайын тұрған өнер иесі екен. Жырлары нәзік, сыршыл, шыншыл. Тілі қандай!» - деп Жұмекен бағалаған ақын да бүгінде мәңгі өмірге аттанған.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.