Жаңа кітаптар
2022-03-25
ҒАЛАМТОРДЫҢ ӘЛЕГІ
Жұмағали Қоғабайдың балалар мен жасөспірімдерге арналған «Ғаламтордың әлегі» атты өлеңдер мен әңгімелер жинағы бала ойын, бала тілін, балалық пәк сезімді дөп айтуымен, балаларды елдікке, ерлікке, адалдыққа шақыруымен ерекшеленеді.
Балаларға арналған бұл жинақтың мазмұны Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында айтылған «Тіл игеру үшін балалар әдебиетінің атқаратын рөлі зор» деген өнеге сөзіне сәйкес келеді.
Балаларға арналған бұл жинақтың иллюстрациясын өлең мазмұнына сай көркем безендірген, салған №19 орта мектептің мұғалімі, суретші Шегебаев Мұрат Салықұлы.