Жаңа кітаптар
2022-07-28
…ғұмырын қишы жасынның!/ Талаптан Ахметжан
Ахметжан Т. А …ғұмырын қишы жасынның!/ Талаптан Ахметжан. – Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2022. – 480 б.
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, талантты жазушы Талаптан Ахметжанның «...ғұмырын қишы жасынның» атты жаңа жинағына соңғы жылдары жазылған өлеңдері, тың туындылары мен сұхбаттары топтастырылып отыр. Автор сан қилы тағдырлар мен әртүрлi характер арқылы уақыт тынысын замана келбетiн көркем өрнектеген. Автор елiмiзге танымал жазушылар мен өнер саңлақтарын ашық әңгiмеге шақыра отырып, олардың жүрек төрiнде бойтұмардай қатталып жатқан жан сырларын майдан қыл сурғандай етiп суыртпақтап, бүкпесiз ақтаруына түрткi болған. Қазақ елiнiң арғы-бергi тарихына, әдебиетi мен мәдениетiне, рухани дүниесiне қатысты сан алуан ойлардың тоғысар тұсы – Ел тәуелсiздiгiнiң нығаюы жолында зиялы қауым не iстеуi керек? Автор сұхбаттасқан адамының ой-пiкiрлерiн оқырман жүрегiне жететiндей көркем тiлмен кестелей бiлген. Шығармалардың ортақ тақырыбы — адалдық, мейiрбандық, махаббат.