Жаңа кітаптар
2024-05-03
Исабеков Д.: Гауһартас
Дулат Исабеков – белгілі жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері. Қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар қаламгердің ұлтымыздың салт-дәстүрін, мінезі мен табиғи қасиеттерін көрсетуге, адам болмысының сан қатпарлы құпияларын ашуға ұмтылған шығармаларының бірі – «Гауһартас» повесі. Туындыда бір-біріне ұқсамайтын адамдардың мінез-құлқы, қыз баласының ауыр тағдыры сипатталады. Бұл кітапқа «Гауһартас» шығармасынан бөлек, «Бекет», «Сүйекші» атты повестері еніп отыр.