Жаңа кітаптар
2026-07-27
Кельндегі көкжал Жүсіпбек Қорғасбек
Кельндегі көкжал Жүсіпбек Қорғасбек
Жүсіпбек Қорғасбектің бұл романында халқымыздың күрделі тағдыры мен ұрпақтар сабақтастығы арқау етіп алынған. Шығармада әр кезеңдегі адамдардың басынан кешкен оқиғалары, туған жерден ажыраудың зары ақиқат тұрғысында суреттеліп, өткен мен бүгіннің арасындағы рухани байланыс көркем өріледі. Автор ұлттық сана сезім, адам жанының арпалысы, тағдыр мен уақыт мәселелерін тосын сюжеттік иірімдер арқылы терең бейнелеген. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.