Жаңа кітаптар
2024-05-21
Кербұғы
Жинақта табиғат пен адамның өзара үйлесімділігі, өркениетті әлемнің жаратылыс заңына керағар тұстары көрініс табады. Жазушы уақыттың алдында дәрменсіз күйге ұшыраған Кербұғының қасіретінен пәлсапалық ой қозғайды. Жастардың арман-тілектерінің қоғамдық-саяси дүрмек науқанында шырғалаңға түскеніне қабырғасы қайысады.
Ұжымдық сананың қасаң қағидаларының шырмауына маталып, жеке тұлғалық қасиеттері тұншыққан буынның келешегіне алаңдаушылық білдіреді. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналады.