Жаңа кітаптар
2026-04-02
Динозаврлар Сипайық көрейік Тактильді кітап
«Сипайық-көрейік» сериясының кітаптары балаңыз үшін оны қоршаған түрлі-түсті әлеммен танысуға кіріспе болады. Дыбысқа еліктеу элементі бар көңілді өлеңдер мен жұмбақтар сөйлеу мен ойлауды дамытуға оң әсер етеді, ал әртүрлі тактильді бөліктер баланы кітап оқуға баулып, зейінін ашады және ата-аналарға бүлдіршіндерін тәрбиелеуге көмектеседі. «Сипайық-көрейік. Динозаврлар» кітабы миллиондаған жыл бұрын Жерде мекен еткен таңғажайып тіршілік иесі туралы баяндайды. Кітапты аш та, білімге ұмтыл!

