Жаңа кітаптар
2024-05-13
Книга Дулатұлы М.: Оян, қазақ!
Аса көрнекті ақын, жазушы, драматург, педагог, публиист, аудармашы Міржакып Дулатов қазақ халқының арман-мүддесін терең түсіне біліп, қазақ қоғамында жаңадан өрістеп келе жатқан демократияшыл идеялардың жаршысы болды. Адамзатты ескіліктен, мешеуліктен, зорлык-зомбылыктан, қанау мен езуден - кұтқаратын күшті құрал - оқу-білім, өнер-ғылым, адал еңбек, әділдік пен адамгершілік мәселелерін көтерген «Оян, қазақ жыр кітабы бірден қазақ елінің ұранына айналды. Ақынның көңіл күй лирикалары да саяси-әлеуметтік мәселелерді қозғады. Ал қазақ әйелінің ауыр халін шынайы бейнелеген «Бақытсыз Жамал» атты романы ұлттық әдебиетіміздегі тұңғыш прозалық шығарма еді.
Жинақ көпшілік оқырманға арналған.