Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жаңа кітаптар

2024-03-05

Мұхтар Әуезов: “Абай жолы” романының түпнұсқасы

Мұхтар Әуезов: “Абай жолы” романының түпнұсқасы

      Бұл кітапта М.Әуезовтің қазақ ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының өмірін жаза отырып, сол кездегі ел тарихын тұтастай қамтыған "Абай жолы" романының 1942 және 1947 жылы шыққан алғашқы, цензураға ұшырамаған түпнұсқасы берілген. Мұнда ақын-жазушылардың есімдері, өлеңдері өзгертілмеген. Кейінгі нұсқалардан түсіп қалған кейбір оқиғалар сол қалпы берілген.Романда ақынның балалық, жастық шағы, тұлға, ақын ретінде қалыптаса бастау кезеңдері туралы жазылған. "Абай" деген атау- мен жарық көрген бұл шығарма кейін "Абай жолы" эпопеясының бірінші және екінші томына айналды.Кітап көпшілік оқырманға арналған.