Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жаңа кітаптар

2025-04-29

Майраның әні Асанәлі Әшімұлы

Майраның әні Асанәлі Әшімұлы
Өнер мен әдебиеттің тегі Қабілет, Дарын дейтін құдіреттен бастау алары ақиқат болғанмен, екеуінің бірінің жалынан ұстаған жанның екіншісіне қол созары сирек ұшырасады. Қазақ сахнасы мен кино өнері серкелерінің бірі, КСРО, Қазақстан Республикасының халық артисі, КСРО және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері, есімі туған елінің іші-сыртына мәшһүр Асанәлі Әшімұлының осынау жар рухымен сырласуын оқыған соң, оның әдебиет ауылына да бөгде еместігі
аңғарылар.
Бұл кітапты сыңар аққудың сағынышты әні ғана емес, қазақ театр, кино өнерінің арғы-бергі тарихы, кемелдікке барар сапардың қалтарысты, бұлтарысты соқпақтары, оны жасаушы өнер тарландарының сахна сырты мен
экраннан тыс жан сырлары деген жөн.