Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жаңа кітаптар

2026-05-28

Момышұлы Б. Қанмен жазылған кітап

Момышұлы Б. Қанмен жазылған кітап

1943 жылдың соңында Алматыға келген Б.Момышұлы  Қ.Сәтбаев пен М.Әуезовтың өтініші бойынша  1944 жылы 19-25 қаңтар аралығында бір апта бойы Ғылым академиясында ғылым,мәдениет,өнер саласының іріктелген топтары алдында  әңгіме-дәріс өткізеді.Әңгіме-дәрісінде гвардия полковнигі Б.Момышұлы Ұлы Отан соғысындағы Панфилов дивизиясының ерлікке толы ұрыс қимылдарына, Мәскеу түбіндегі бетбұрысты қанды шайқас кезіндегі жауынгерлердің қаһармандық,ерліктеріне,сын сағаттағы жауынгерлердің психологиясына,ұрыс барысында өзі жинақтаған  соғыс тәжірибелеріне кеңінен тоқталды.Батырдың орыс тілінде  бір жапырақ қағазсыз оқыған лекцияларын М.Әуезов тапжылмай  конспектілеп отырған.Соғыс қызу жүріп жатқан кезде Баукеңнің өзі шайқасып жүрген дивизияның ерліктерін ізін суытпай,жинақтап,қорытып,егжей-тегжейлі,жүйелеп,ұрыс эпизодтарына тоқталып,әсерлі етіп жеткізу шеберлігі  тыңдаушылардың бәрін таң қалдырды.Әңгіме-дәрістерінде қолбасшы ұрыс,соғыс  ұғымдарына талдау жасап,қырықтан астам әскери психология терминдеріне анықтама берді-бұл психология ғылымының өзінде айтыла қоймаған жаңалық еді.И.В.Панфиловқа,майданда қаза болған серіктеріне,жауынгерлердің ерліктеріне қатысты оқиғаларға,эпизодтарға арнайы тоқталып өтеді.
Кітапта батырдың "Волоколамск тас жолы" повесін талқылауда сөйлеген сөздерінің стенограммалары,жазған хаттары беріліп отыр.Бұл еңбек қарулы күштердің жауынгерлеріне , отансүйгіш жастарға,көпшілік оқырманға арналған.Ұлы тұлғаның тағылымы мол бұл еңбегі әрбір шаңырақтың сүйікті кітабы болатыны күмәнсіз