Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жаңа кітаптар

2022-05-04

Алаштың Алматы мен Самұраты

Алаштың Алматы мен Самұраты

     Өз дәуірінде отарлаушы патшаның шен–шекпенiн кисе де, елінің бірлігi мен тiрлiгi үшiн, қызметін өз халқының игiлiгiне арнаған, XIX ғасырдың орта кезiнде халқымыздың небір iрi тұлғалары болған. Бірақ, олар туралы көп айтылмады, тек халық аузындағы әңгімелер арқылы үзік–үзік болып осы күнге дейін жетті. Соңғы кездері архивтегі құпия сақталған құжаттарға қолжеткен сайын, олардың жарқын бейнелері айқындала көріне бастады. Бұл жинаққа Алмат пен Самұраттың, олардың ұрпақтарының сан қилы өмір жолдары жайлы материалдар енді. Солар арқылы оқырман ақтабан шұбырынды кезінен бастап, сталиндік геноцидке дейінгі аралықтағы қазақ халқының басына түскен небір нәубетті сезініп, көптеген мәлімет алып, тереңірек ұғына алады.