Жаңа кітаптар
2022-07-28
ӨСКЕЛЕҢ. Өлеңдер/ Әбубәкір Қайран
ӨСКЕЛЕҢ. Өлеңдер/ Әбубәкір Қайран. – Алматы: «Runa баспасы» ЖШС, 2022. – 176 б
Жинақтың «Өскелең» деген атауының өзінде көп мән бар екенін айта кетуіміз керек. Қазақ «Өскелең» деген ұғымға үлкен мән беріп, «ұрпақ» деген сөздің алдына ылғи қосарлап айтып отырған. «Өскелең ұрпақ» дегеніміз – біздің бүкіл өміріміздің, отбасымыздың, ең бастысы – мемлекетіміздің болашағы, бақыты, мұрагері! Автор бұл жинақты жазу, жасау үстінде балалар әдебиетіне тән барлық шарттылықтарды ұстанып отырды. Өзі де жас кезінде «Балдырған» журналының поэзия бөлімін басқарып, одан кейін «Жалын» баспасының балалар әдебиеті редакциясының редакторы болғандықтан, балаларға арналған өлеңдердің қалай жазылу керек екендігін жақсы біледі. Жинақ, негізінен, өскелең ұрпақтың ұлттық танымын кеңейтуге, жақсы азамат болып өсуіне бағыттауға арналған.