Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жаңа кітаптар

2023-07-20

Қайрат Сәки Сұлтан Бейбарыс

Кітап қыпшақ мәмлүктердің аты аңызға айналған басшысы Байбарыстың ХІІІ ғасырда әлемдік өркениеттер мен дін- дердің бесігінде – Египет пен Сирияда қуатты түркі мем- лекетін құрғандығы туралы. Зерттеуде Байбарыстың өмірі мен қызметі туралы жан-жақты, толық ақпарат беріледі. Бұл зерттеудің құндылығы – Байбарыстың өмір жолы ортағасырлық тарихшылардың еңбектерінің негізінде баяндалғанында. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Ол Байбарыс, қыпшақ мәмлүктер және олардың керемет тарихы туралы шынайы және терең түсінік қалыптастырады.

Қайрат Сәки  Сұлтан  Бейбарыс