Жаңа кітаптар
2024-12-12
Қарттарым, қайран қарттарым
Сегізбайұлы К. Қарттарым, қайран қарттарым. Деректі хикаялар. – Алматы: Атамұра, 2024. – 128 бет.
Белгілі қаламгер, Қазақстан Республикасы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері К. Сегізбайұлының бұл кітабындағы кейіпкерлер, жазушының жастық шағының куәсі болған қимас жандары – алақандай ауылы Жарсудың және сол шаруашылықтың малшы, қойшы қарттары бұл күнде түгелге жуық мәңгі мекендеріне қоныстанған. Әрқайсысы қайталанбас мінез-құлықтарымен жазушы жанын жаңғыртқан жандар болғандықтан да бұл шығарманы сөзден соғылған ескерткіш деуге болар. Кітап көпшілік қауымға арналған.