Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жаңа кітаптар

2026-05-06

«Қарыз»

«Қарыз» романы - қазақ коғамындағы әйелдердің тағдыры, олардың үнсіз арпалысы мен еркіндікке ұмтылысы арқау болған туынды.

«Қарыз»

«Қарыз» романы - қазақ коғамындағы әйелдердің тағдыры, олардың үнсіз арпалысы мен еркіндікке ұмтылысы арқау болған туынды. Шығарма тек тұрмыстағы зорлық-зомбылықты баяндаумен шектелмейді, ол - ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын жан жарасы, мәдениетіміздегі «тағдырға мойынсұнұ», «ұят болады» деген қасаң түсініктердің трагедиясы жайлы ащы ақиқат.
📖Роман қоғам таңған қағидаларды бұзып, әйел затының
ұрпақ алмасқан сайын қайталанатын қасірет шынжырын үзу
жолындағы ішкі майданын бейнелейді. Автордың басты үндеуі: бұл көнбістік тізбегін үзу үшін адамның ең алдымен өзін-өзі тану және сол таным арқылы жан жарасын жазуы қажет. Роман трагедиялық окиғалардан басталғанымен, соңында бас кейіпкер құрбан болу психологиясынан арылып, шарасыздықтың орнын үлкен үміт пен ерік-жігер басады. Бұл - әйел затына деген шексіз құрмет және оның ішкі күресіне арналған психотерапиялық манифест.