Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жаңа кітаптар

2024-02-13

哈萨克人及其先祖 ——基于复杂的体质人类学定义 = Қазақ халқы және ата тегі. Кешенді физикалық антропология анықтамаларына негізделген (ж.с. ХХ ғ.–ж.с.д. ХХ ғ. дейін)

哈萨克人及其先祖 ——基于复杂的体质人类学定义 = Қазақ халқы және ата тегі. Кешенді физикалық антропология анықтамаларына негізделген (ж.с. ХХ ғ.–ж.с.д. ХХ ғ. дейін)

Бұл еңбекте алғаш рет қазақ халқының Отан тарихы кешенді морфофизиологиялық және популяциягенетикалық ерекшеліктеріне негізделіп, яғни соматологиялық (антропоскопия, антропометрия, дене пропорциялары, май бүрмелері), одонтологиялық (тұрақты тіс құрылымы), серологиялық (қан жүйелері, дәм сезімдері), дерматоглификалық (алақан мен саусақ бедерлері), краниологиялық (бас сүйек құрылымы), остеологиялық (қаңқа сүйектерінің анықтамалары) және палеоантропологиялық зерттеу нәтижелері бойынша толығымен қамтылып жазылды. Бүгінгі Қазақстан жерінде мекен еткен тұрғындардың үзіліссіз нәсіл-тек жалғастығының көрінісі бүгінгі қазақ халқының морфофизиологиялық құрылымында оның түп-тұқиянының антропологиялық ерекшеліктері байырғы Қазақ атамекенінің қола дәуірінен бастап (ж.с.д. XX ғ. ) кешегі XX ғасырға дейінгі, яғни 40 ғасыр бойы, айтарлықтай деңгейде сақталып қалып отыр. Бұл – палеоантропологиялық пен краниологиялық құрылымдарды өзара тоғыстыру арқылы және кешенді ғылыми анықтамалар бойынша айғақталады. Қазақ халқы өзінің ата-бабаларының жері мен елінде тұрақты тұрып жатқаны, оның 4 мың жылдық физикалық антропологияға негізделген этномәдени, лингвистикалық және діни байланыстарының тарихи бірлігінің барлығы бұл еңбекте ғылыми тұрғыдан толық дәлелденіп отыр. Сонымен қатар бұл монографиялық еңбекте қазақтар мен Еуразияның кейбір түркі тектес халықтарының этноантропологиялық байланыстарына да жаңадан бетбұрыс жасалды. Байырғы Қазақ атамекені мен Қазақ Елі тұрғындарын көпсалалы антропологиялық зерттеуден алынған негізгі нәтижелер сандық және сапалық көрсеткіштерге негізделген кестелер, карталар, дендограммалар, комбинациялық полигондар, графиктер мен суреттер арқылы нақтыланып берілді. Кітап антропологтар мен тарихшы ғалымдарға, биологтерге, дәрігерлерге, генетиктерге, археологтар мен этнограф-этнологтарға және лингвистерге, сонымен қатар қазақ халқының биология мен этномәдени тарихын жанжақты білгісі келетін көпшілік оқырман қауымға арналған.