Жаңа кітаптар
2024-11-08
Қазақтелефильм
Қазақтелефильм: Киножылнама / Сағындық Нұрекеев. – Алматы: ЖК «Тарпанбаева А.Ш.», 2024. – 280 бет.
Автор бұл жинақта өткен тарихты елеусіз қалдыру, уақытты соза берудің қисынсыздығын сезініп, қолдағы бар құжаттарды әрі өзі білетін режиссероператорлар еңбектерін жинастырып, әріптестерден сұрастырып, осы еңбекті даярлады. Еліміздің барлық саласында қайнаған еңбектің, қазақ өнерінің бай шежіре-мұрасын жасаған сол абзал режиссерлер мен операторлардың қажырлы еңбегі еш уақытта ұмытылмауы тиіс. «Қазақтелефильм» студиясының қай кезеңі болса да шығармашылық еңбекті шебер ұйымдастыра білетін қабілетті, озық ойлы басшыларымен де ерекшеленіп отырды. Олардың қай-қайсысы да кезінде туындаған қиыншылықтарға қарамастан студияны тығырықтан алып шығуға белсене атсалысты. Жинақ-жылнама киностудия жайлы тұңғыш еңбек.