Жаңа кітаптар
2023-07-20
Нұрмахан Оразбек "Көз көрген шындық"
Бұл кітапта қазақтың белгілі қаламгері, атақты публицист Нұрмахан ОРАЗБЕКтың Республикалық басылымдарда жарық көрген мақаларымен қатар, журналистік жолындағы алғашқы қадамдарын бейнелейтін негізінен аудандық, облыстық газеттерде жарияланған материалдары жинақталған. Сырт көзге сол шағын хабарлар, репортаждар, суреттеме, сын материалдар, очерктер тым қарапайымдау, аудандық, ары кетсе, облыстық деңгейдегі мәселелерді қаузағандай көрінеді. Шын мәнінде олар уақыттың, сол заманның, еліміздің бір кезеңіндегі өмірінің тынысын аңғартады. Олар сонысымен де құнды.