Жаңа кітаптар
2022-07-28
САМҒАУ. Өлеңдер/ Нұртас Исабаев
Исабаев Н. И САМҒАУ. Өлеңдер/ Нұртас Исабаев. – Алматы: «БИБІ-АНА» қайырымдылық қоры» баспасы, 2022. – 336 б.
Белгілі ақын, Қазақстанның Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Нұртас Исабаевтың бұл кітабына соңғы жылдары жазған жаңа жырлары еніп отыр. Жинақтың тақырып аясы кең. Отанға деген сүйіспеншілік, адамгершілік, достық, мейірім, махаббат, табиғатты сүю сияқты шарпысқан сан-алуан сезімдер палитрасы молынан қамтылған. Тағдырдың сынағынан рухы жасымаған өршіл ақын айналасындағы әр құбылыстан ізгілік шуағын іздейді. Жан жылуына бөленген азаматтық жырларының қай-қайсысы да оқушысын бей-жай қалдырмайды, өмірдің қадірін білуге, сұлулықты сезінуге үндейді.