Жаңа кітаптар
2025-01-30
Соқпақбаев Б.: Менің атым Қожа (илл. Д. Келиспай)
Бердібек Соқпақбаевтың әйгілі повесі соғыстан кейінгі қазақ ауылында тұратын Қожа есімді баланың өмірі мен бастан кешкен қызықты оқиғалары жайында баяндайды. Өткен ғасырдың ортасында жазылса да, достық, есею, қиындықтарды еңсеру туралы жазылған, туған жердің көркем табиғатын, қазақ ауылының өмірі мен салт-дәстүрін жарқын сипаттаған әсерлі хикая әлі де жеткіншектердің жүрегін баурап, ғажайыбын жоғалтпай келеді. Кітап балаларға және балалық шаққа қайта оралғысы келетін ересектерге арналады.