Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жаңа кітаптар

2024-12-12

Таңдамалы / Фариза Оңғарсынова

Таңдамалы / Фариза Оңғарсынова. – Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2024. – 576 бет.

Таңдамалы / Фариза Оңғарсынова
Қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халық  жазушысы Фариза Оңғарсынованың бұл таңдамалы жинағы – тұтас бір тарихи-әдеби дәуірдің идеялық-көркемдік бейнесін жан-жақты сомдаған рухани құндылығымыз. Ақын – өз заманының ар-ожданы десек, әлемдік мәні зор, поэтикалық әсері әрқашан мөлдір Фариза Оңғарсынова жырларының өз оқырманына берері мол. Көзі қарақты оқырманға ризық болар бір-бір рухани қазына. Әдебиетіміздің классикасына айналған үркердей топтың ішінде өзіндік руханиятымен дара тұрған аяулы тұлға мен оның шығармалары сыр-баянға толы. Фариза Оңғарсынованың сонау 50-ші жылдардан бастап, әр жылдарда жазған сыр-толғанысқа толы поэзиялық шығармалары енген.