Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жаңа кітаптар

2025-07-21

Тарази Әкім Мұстафа Шоқай

Тарази Әкім Мұстафа Шоқай

Тарази Әкім Мұстафа Шоқай. Алматы: «Мазмұндама» қоғамдық қоры
Көрнекті қаламгер, тағылымды тарихшы Әкім Таразидің қолыңыздағы кітабы қазақ жұртын бодандық бұғауынан босату жолындағы күреске бар ғұмырын арнаған, Алаш арыстарының бірі де бірегейі Мұстафа Шоқай өмірін арқау еткен. Большевиктік өктем зорлыққа, отаршылдыққа қарсы күресін жат жұртта жүріп те еш тоқтатпаған, тұтас түркі әлемін біріктіру жолында қызмет еткен Мұстафа Шоқайдың алғашқы азаматтық, қайраткерлік көзқарасының қалыптасу кезеңін суреттеген шығармадан аларыңыз мол боларына сенімдіміз.