Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жаңа кітаптар

2024-11-28

Тау мінезі

Тұрлыбек Мәмесейіт

Тау мінезі

МӘМЕСЕЙІТ Т. Тау мінезі / Тұрлыбек Мәмесейіт. – Алматы: ЖК «Сакенова», 2024. – 400 бет.

Көрнекті қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Жамбыл», «Алаш» сыйлықтарының лауреаты Тұрлыбек Мәмесейіттің бұл жаңа кітабы бірін-бірі толықтыратын төрт хикаяттан тұрады. Шығармалардың бәрінде де Адам – Табиғат – Тарих – Тағдыр сияқты төрт таған құбылыс желі болып тартылған. Таулы өңірде, шекаралық аймақта өмір кешкен қарапайым халықтың басынан өткерген қилы кезеңдері мен қиын тағдырлары замана үдерісінің әрқилы құбылыстарына орайлас өріліп, уақыт тынысы, адамның іс-әрекеттері, кейіпкер характері табиғи болмысымен көрініс беріп, шынайылығымен баурайды. Адам баласының туған жері мен өскен еліне деген сағынышы мен сүйіспеншілігі, өз топырағына, ата-баба аманатына деген адалдығы, беріктігі жанды суреттермен көркем бейнеленеді. Сондай-ақ, ұлы табиғаттың тылсым сырлары мен тосын құбылыстарының адам болмысына тигізер әсері жүрек шымырлата өріледі. Шығармалардың өзіне тән ерекшелігі де осы тау табиғатының тамылжыған көріністерін адам тағдырымен, көңілкүйімен астастырып суреттеуге шеберлігінде жатса керек.