Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жаңа кітаптар

2024-03-19

Торайғыров С.: Қамар сұлу

Торайғыров С.: Қамар сұлу

           Сұлтанмахмұт Торайғыров – ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті тұлғаларының бірі. Оның романдарының басты тақырыбы – әйел теңсіздігі, өз заманының әлеуметтік мәселелері.
           Оқиға желісі әйел тағдырын көрсетуге құрылғанмен, соған байланысты қазақ қоғамын, тіршілігін терең бейнелейтін шығармасы – «Қамар сұлу» романы. Туынды жартылай өлеңмен, жартылай прозамен жазылған. Бұдан бөлек, бұл жинаққа «Кім жазықты?» романы мен бірнеше поэмалары енді.