Жаңалықтар
2021-02-11
«2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы»
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» тақырыбында арнайы брифинг өтті.
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» тақырыбында арнайы брифинг өтті.
Брифингке ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Дәуешов Нұрғиса Мұратұлы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Академиялық кітапхана басшысы Мұңалбаева Үмітхан Дауренбекқызы, жазушы, жыршы, драматург Әлімжанов Баянғали Тақанұлы, Қазақстан Жазушылар Одағының Басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Атырау облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Ізмұхамедова Сара Салахатдинқызы қатысып, сөз сөйледі.
Биылғы жылдың «2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» деп жариялану себебін ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Мұратұлы Дәуешов түсіндіріп берді.
«Білімді әрі бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыру – қазіргі уақыттағы мемлекеттік саясатымыздың басты ұстанымдарының бірі. Осыған орай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы 22 қазанда өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында балалармен жасөспірімдердің кітап оқу қарқынын мәселе етіп қарастырған. Президентіміз бұл мәселеде кітапханалар жағдайына назар аударып, еліміздің барлық тұрғындарының күш-жігерін қазақстандық оқырман ұрпақ тәрбиелеуге жұмсауға шақырды. Осы бастама көлемінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ағымдағы жылды «Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» деп жариялап отыр» - деді Нұрқиса Мұратұлы.
ҚР Мәдениет және спорт вице-министрінің айтуынша, жоғарыда аталған жұмыстардың барлығы – министрлік тарапынан Мемлекет басшысының тапсырмасын уақытылы орындау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар.
«Еліміздің дамуы мен келешегі балалар мен жасөспірімдердің білімді әрі рухани дамыған ұрпақтың еншісінде. Осыған орай кітап оқу үрдісін жаңғырту, оның ішінде балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға тәрбиелеу – Мәдениет және спорт министрлігінің алдында тұрған басты міндет», - деп түсіндірді вице-министр.