Жаңалықтар
2026-07-28
XXIII халықаралық «Искусство книги» байқауына 23–24 шілде аралығында Минск қаласында ТМД елдерінің кітап ісі саласындағы арнайы номинациялар бойынша дауыс беру кезеңі өтті.
Аталған кезеңде қатысушы мемлекеттер ұсынған басылымдар әділ қазылар тарапынан жан-жақты қаралып, әр номинация бойынша үздік жұмыстарды анықтау мақсатында дауыс беру рәсімі жүргізілді
Аталған кезеңде қатысушы мемлекеттер ұсынған басылымдар әділ қазылар тарапынан жан-жақты қаралып, әр номинация бойынша үздік жұмыстарды анықтау мақсатында дауыс беру рәсімі жүргізілді.
Қазақстан Республикасы аталған байқауға 10 номинация бойынша жалпы 10 кітап ұсынды.
Ұсынылған шығармалар әртүрлі бағыттарды қамтыды:
* «Содружество»
* «Моя страна»
* «Диалог культур»
* «Книга для детей и юношества»
* «Наука и образование»
* «Арт-книга»
* «Искусство иллюстрации»
* «Отпечатано в содружестве»
* «Победа»
* «Гран-при»
Жалпы саны — 10 номинация, 10 кітап және арнайы дипломға 3 шығарма қатысуда.
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы да бұл халықаралық үдеріске белсенді қатысып, отандық кітап басу ісінің жетістіктерін таныстыруға және ТМД елдерінің кітап палаталарымен кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға өз үлесін қосты.
Тапсырылған шығармалардың байқау нәтижесі 2026 жылдың қыркүйек айында жарияланады.
