Жаңалықтар
2026-04-16
23 сәуір — елімізде Ұлттық кітап күні ретінде аталып өтеді
23 сәуір — елімізде Ұлттық кітап күні ретінде аталып өтеді. Осы маңызды күнге орай республика көлемінде кітап оқу мәдениетін насихаттауға, рухани және зияткерлік дамуды қолдауға бағытталған ауқымды кітап апталығы ұйымдастырылып отыр
Қазақстанда Ұлттық кітап күніне арналған кітап апталығы басталды
23 сәуір — елімізде Ұлттық кітап күні ретінде аталып өтеді. Осы маңызды күнге орай республика көлемінде кітап оқу мәдениетін насихаттауға, рухани және зияткерлік дамуды қолдауға бағытталған ауқымды кітап апталығы ұйымдастырылып отыр.
Апталық аясында еліміздің түкпір-түкпірінде 1500-ден аса іс-шара өткізу жоспарланған. Әдеби кездесулер, танымдық басқосулар, кітап көрмелері, оқу марафондары, ашық есік күндері мен түрлі мәдени жобалар оқырман қауымды бір арнаға тоғыстырмақ.
🗓 Апталық бағдарламасы:
16 сәуір — «Артық білім кітапта…»
17 сәуір — «Сөз өнеріндегі өлкетану»
18–19 сәуір — «Weekend. Book. Vibes»
20 сәуір — «Кітапхана түні»
21 сәуір — «Кітап. Тарих. Шежіре»
22 сәуір — «Кітап – достық амбассадоры»
23 сәуір — Ұлттық кітап күні
Бүгінгі күн «Артық білім кітапта…» тақырыбына арналуда. Бұл бастама кітаптың ағарту мен білім беру ісіндегі, сондай-ақ рухани құндылықтарды дәріптеудегі маңызын кеңінен танытуға бағытталған.
.jpg)