Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жаңалықтар

2026-10-23

25 қазан - Қазақстан Республикасы күні

 Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының ұжымы сіздерді еліміздің маңызды мемлекеттік мерекелерінің бірі, Қазақстан Республикасы күнімен шын жүректен құттықтайды!

25 қазан - Қазақстан Республикасы күні
Құрметті отандастар!

     Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының ұжымы сіздерді еліміздің маңызды мемлекеттік мерекелерінің бірі, Қазақстан Республикасы күнімен шын жүректен құттықтайды!

25 қазан Қазақстан тарихында айрықша орын алады. Бұл күн мемлекеттілігіміздің нығаюын, халқымыздың бірлігін, тәуелсіздік қағидаттарына адалдығын және еліміздің одан әрі дамуға деген ұмтылысын білдіреді.
     Бұл айтулы мереке Отанымыздың болашағы үшін ортақ жауапкершілікті, тарихи-мәдени мұраны сақтауды және халқымыздың рухани әрі зияткерлік құндылықтарын дәріптеуді айқындайды.
Осы мерекелі күні Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына бейбітшілік, тұрақтылық, әл-ауқат және ертеңгі күнге деген сенім тілейміз. Еліміздің халықаралық беделі артып, игілікті бастамалар табысты жүзеге асып, мемлекетіміздің өркендеуі мен халқымыздың әл-ауқатын арттыру жолында жаңа жетістіктерге жете берейік!
     Қазақстан Республикасы күні құтты болсын!

 Құрметпен,
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының ұжымы