Жаңалықтар
2021-06-04
4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні
Мемлекеттік, ұлттың өзіндік болмысын, сипатын айқындап, айшықтап тұратын аса құнды дүниелері болады. Біздің құндылығымыз – көк Туымыз, айбарлы Елтаңбамыз, асқақ Әнұранымыз.
Мемлекеттік, ұлттың өзіндік болмысын, сипатын айқындап, айшықтап тұратын аса құнды дүниелері болады. Біздің құндылығымыз – көк Туымыз, айбарлы Елтаңбамыз, асқақ Әнұранымыз.
Қазақстандықтардың барлығы дерлік мемлекеттік рәміздерге ерекше құрметпен қарайды. Шетелге шыққан азаматтар да көк байрағымызды жамылып, өз Отанымен мақтанады. Бұл – біздің отыз жылдық межеде жеткен жетістігіміз, беделіміз.
Мемлекеттік рәміздер тек қана көркем образды мазмұнда емес, еліміздің Тәуелсіздігін, егемендігін айшықтайтын мазмұнда қалыптасқан. Көк Туымыз желбірегенде, асқақ Әнұранымыз әуелегенде әрбір қазақстандықтың жүрегі тебіреніп, толқып кететіні рас.
Рәміздер – біздің ұлттық, мемлекеттік рухымыздың тірегі. Бір Ту астына біріккен барша қазақстандықтардың қуанышы, тірегі, мақтанышы, айбары болған Рәміздеріміз мәңгі жасасын!
Тәуелсіздік – мәңгілікке мөр басылған төлқұжатымыз. Тәуелсіздігіміздің мәңгілік болуын, мемлекеттік Рәміздердің әрдайым биіктен көрінуін тілейміз!
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері тақтасы: