Жаңалықтар
2021-03-08
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
Көктем шуағын ерте келетін керемет мерекелердің бірі – аналардың, жалпы әйелдер қауымының мерекесі. Бой көтерген бәйшешек те, күн шуағы да аналарды құттықтауға асығатындай.
Көктем шуағын ерте келетін керемет мерекелердің бірі – аналардың, жалпы әйелдер қауымының мерекесі. Бой көтерген бәйшешек те, күн шуағы да аналарды құттықтауға асығатындай.
«Алып та анадан туады» дейтін қазақ үшін аналар мерекесі, әйелдер қауымының мерекесі әрдайым ерекше, әрдайым қадірлі. Ананы құрметтеген кісінің маңдайы жарық болатыны, әйелді сыйлаған кісінің бәсі жоғары болатыны ғасырлар бұрын айқындалып қойған.
Қадірлі аналар! Сіздерді бүгінгі ерекше мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
Кең пейілдеріңіз ортаймай, қабақтарыңызға кірбің түспей, әрдайым тек жақсылықтың жаршысы, бақ-берекенің ұйытқысы болып жүре бергейсіздер!
Ана – өмірдің бастауы. Аналардың көңілі тыныш, тербеткен бесіктеріндегі сәбилері аман болсын!
Қазақстан халқының береке-бірлігі артып, көктем өз молшылығымен, ерекше сыйымен келсін!