Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жаңалықтар

2023-10-31

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

Ақын атақты «Ташкентпен қоштасу» өлеңімен сахнаны ашты.

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
         Кешегі кеште залда ине шаншар орын болған жоқ. Халықтың біразы кіре алмай, сыртта қалды. «Алатауға» қарай ағылған халықтың қарасынан МАИ қызметкерлері келіп, жол қозғалысын реттеуге кірісті. 
        Орындықтан орын тимегендер бос жерге малдас құрып отырып, аяғына дейін кешті тамашалады. 
Ақын атақты «Ташкентпен қоштасу» өлеңімен сахнаны ашты. 
Мұнда қазақтың мұңы, тарихы, асқақ арманы жатыр.
«Ол көктем оралмайды» деп «МузАРТ» ән салды. 
Әншілер Шаба Әденкүл, Роза Әлқожа, Гүлмайдан Серікбай, Бауыржан Өскенбеков кештің көрігін қыздырды.
"Алатау" театрының артистері ақынның өлеңдерінен қойылым жасады. Бәрі де әдемі, шынайы шықты. 
Ақын аға өз өлеңдерін оқыды. 
       Халық кіреберісте ақын шығармашылығына арналған көрмені де көрді. 
Кеште көпірме сөз, мақтау, мадақтау, сансыз шапан жабу болған жоқ. Тек ақынның өлеңдері мен әнге жазылған сөздерінен көрермен ғибрат алды. 
Бұл Қазақстан Жастар Одағы және халықаралық «Алаш» сыйлықтарының лауреаты, Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер, «Құрмет», «Парасат» орденінің иегері, «Дәстүр» журналының құрылтайшысы, бас редакторы, Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары, ақын Қасымхан Бегмановтың «Алатау» дәстүрлі өнер театрында өткен «Алматым –әнім, тағдырым» атты мерейтойлық кешінен алған әсер.
    ... Аман жүріңіз, аға!