Жаңалықтар
2026-09-29
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультеті, «Баспа ісі» мамандығының студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді. Шара барысында студенттерге кітап шығару, баспа ісінің ерекшеліктері және кітап палатасының қызметі туралы кеңінен ақпарат берілді. Сондай-ақ мамандыққа қатысты практикалық тәжірибелермен бөлісіліп, студенттердің сұрақтарына жауап берілді
