Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жаңалықтар

2022-08-16

Кітапхана қоры сирек кітаппен толықты

Кітапхана қоры сирек кітаппен толықты

2022 жылғы 15 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына танымал жазушы, публицист, зерттеуші,саяхатшы Иминов Исмаилжан Абдыкадырович 1937 жылы Мәскеуде жарық көрген «Пржевальский Е. Пятизначные таблицы логарифмов» атты сирек кітапты сыйға тартты.
Кітап болашақ ұрпақ үшін құнды тарихи дүние болып табылады және оқырманның игілігіне айналары сөзсіз.