Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жаңалықтар

2026-03-16

«ҰЛТТЫҚ КІТАП»

Байқауды өткізудегі негізгі мақсат – оқу мәдениетін қалыптастыру, үздік кітап авторын анықтап, қазақ әдебиетінің, руханиятының дамуына ықпал ету, аудармашыларды және баспагерлер мен кітап дизайнерлерін қолдау, ынталандыру.

«ҰЛТТЫҚ КІТАП»

«23 сәуір - Ұлттық кітап күні»мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Астана қаласы әкімдігі жариялаған «Ұлттық кітап байқауына” өтінім қабылдау жалғасуда. 
Өтінімдер 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін қабылданады.

Байқауға кітаптары кейінгі 2 жылда жарық көрген, заңды тұлғалар қатыса алады.

Байқау номинациялары:
•    Балаларға арналған үздік кітап
•    Үздік комикс
•    Нон-фикшн бағытындағы үздік кітап
•    Детектив жанрындағы үздік кітап
•    Сатира жанрындағы үздік кітап
•    Үздік иллюстрациялық кітап
•    Үздік аударма кітабы
•    Фантастика жанрындағы үздік кітап
•    Үздік баспа
•    Гран При, Жыл кітабы.

Байқау шарттары туралы толық ақпаратты  Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтында жарияланды!


эл.почта    ulttyq_kitap@mail.ru