Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жаңалықтар

2024-07-09

Мерекелік күндер тізіміне тағы бір мереке қосылды: 23 сәуір - Ұлттық кітап күні.

Үкіметтің 2024 жылғы 29 маусымдағы Қаулысымен Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне тиісті толықтырулар енгізілді. Мерекелік күндер тізіміне тағы бір мереке қосылды: 23 сәуір - Ұлттық кітап күні.

Мерекелік күндер тізіміне тағы бір мереке қосылды: 23 сәуір - Ұлттық кітап күні.


Үкіметтің 2024 жылғы 29 маусымдағы Қаулысымен Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне тиісті толықтырулар енгізілді.


Мерекелік күндер тізіміне тағы бір мереке қосылды:
23 сәуір - Ұлттық кітап күні. 
Мерекелік күн Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамда жоғары оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына байланысты пайда болды. Тиісті Заң жобасын әзірленіп, құжат «Ашық» порталына жарияланды.
«Алматыда кейбір кітапханалар заман талабына сай жаңғыртылды. Онда жастардың шығармашылықпен айналысып, білімін ұштауына толық мүмкіндік бар. Облыс әкімдері осы жақсы тәжірибені жалғастыруы керек», — деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың кітапқұмарлыққа жақын болуы жақсы қасиет екенін айтты. 
Кітап - киелі қазына. Баға жетпес асыл қазынамызды мереке қатарына қосу - ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап Палатасы үшін, елімізде кітап шығарумен айналысатын түрлі баспаханалар мен қаламы қарымды ақын-жазушыларымыз үшін өте үлкен қуаныш. Бұл мереке жазушылардың шығармашылығына шабыт сыйлайтыны сөзсіз, сонымен қатар кітап саласының дамуына айтарлықтай үлес қосатынына сенімдіміз. Ұлттық кітап күнін атап өту - шығармашылықтың жоғары деңгейі. Ұлттық әдебиетімізді бірге жаңғыртайық!