Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жаңалықтар

2023-03-14

Министр келген мезет

Министр келген мезет

14 наурыз – Көрісу күні мерекесінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Асxат Оралов Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына арнайы келді.

Кітап палатасының бүгінгі хал-ахуалын көзімен көрген Асхат Раздықұлы, орталықтың архивімен танысып, бірқатар жайттарға қанықты. Министр кездесу барысында Президент тапсырмасына сәйкес, архивті сақтау және оны келер ұрпаққа аман-есен жеткізу тұрғысында атқарылатын істердің маңызды екеніне тоқталды.

Сонымен қатар, қасиетті қара шаңырақтың ғимаратына байланысты қордаланған мәселені тілге тиек етіп, оның оң шешім табуына ықпал ететін ой-пікірін ортаға салды.

Амал күні, Көрісу мерекесіне орай келген министр Кітап палатасының ұжымын құттықтап, ақ тілегін айтты.