Жаңалықтар
2021-02-09
Мұқағали-90: Ақтоты Райымқұлова жыр эстафетасын жалғастырды
Мұқағали-90: Ақтоты Райымқұлова жыр эстафетасын жалғастырды
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай ақын, Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары Маралтай Райымбекұлы жолдаған эстафетаны жалғастырды.
Эстафетаны жалғастырған Ақтоты Рахметоллақызы мұзбалақ ақынның өлең жолдарын оқып, өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында былай деп жазды:
«Құрметті достар!
Биыл ақиық ақын, «күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарамын» деп жырлаған, поэзиямызды жауһар жырларымен байытқан Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толып отыр.
Осы орайда ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Маралтай Райымбекұлы жолдаған жыр эстафетасын құрметпен қабыл алып, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваға, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдəулетке, барша оқырман қауым мен бауырлас халыққа жолдаймын».
https://youtu.be/AP9269rhgHo