Жаңалықтар
2026-07-01
ҰЛТТЫҚ КІТАП ПАЛАТАСЫНА ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ АТЫНАН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ АРНАЙЫ БАСЫЛЫМЫ ТАБЫСТАЛДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан еліміздің жаңа Конституциясының арнайы басылымы салтанатты түрде табысталды.

Бұл ерекше басылым ұлттық кітап мұрасын толықтырып, еліміздің конституциялық дамуының маңызды кезеңін айқындайтын тарихи әрі құнды құжат ретінде Ұлттық кітап палатасының қорынан лайықты орын алады.
Жаңа Конституцияның арнайы басылымы Қазақстанның құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтуға, демократиялық құндылықтарды дәріптеуге және елдің қоғамдық-саяси дамуының жаңа бағытын айқындауға арналған маңызды құжат болып табылады.