Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жаңалықтар

2026-02-19

«Кітап және кітапхана ісі туралы заң»

Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы ғимаратында отандық баспалар мен кітапхана ісі мамандарының қатысуымен «Кітап және кітапхана ісі туралы заң» тақырыбында маңызды жиын өтті.

«Кітап және кітапхана ісі туралы заң»
     Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы ғимаратында отандық баспалар мен кітапхана ісі мамандарының қатысуымен «Кітап және кітапхана ісі туралы заң» тақырыбында маңызды жиын өтті.
Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасы Рустам Али, сондай-ақ отандық баспалар мен баспагерлер, кітап ісі саласының мамандары қатысты.
    Жиын барысында «Кітап және кітапхана ісі туралы заңның» алғашқы нұсқасы көпшілікке таныстырылды. Қатысушылар заң жобасының тиімді тұстарын талқылап, жекелеген баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстарын білдірді.
«Mazmundama» баспасының жетекшісі Шыңғыс Мұқан кітап шығару және тарату ісінің өзекті мәселелеріне тоқталды.
Ал «AmalBooks» баспасының жетекшісі Бақытжан Бұқарбай заң жобасына бірқатар толықтырулар ұсынып, көпшілік тарапынан қолдау тапты.
«Отбасы хрестоматиясы» баспасының жетекшісі Бағдат Болатұлы авторлық құқықты қорғау және электронды кітаптардың қауіпсіздік жүйесін жетілдіру мәселелерін көтерді.
   Сондай-ақ «Балалар әдебиеті» баспасынан Шайзада Мұхамеджанқызы шығармаларға қойылатын кейбір шектеулерге қатысты пікір білдірді.
Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар өз сауалдарына толық жауап алып, кітап ісін дамыту жолында баспалар мен жеке авторлар бірлесе жұмыс істеуге дайын екендерін жеткізді.