Жаңалықтар
2026-06-30
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.

Аталған меморандум кітап ісін дамытуға, кәсіби тәжірибе алмасуға, бірлескен ғылыми-мәдени жобаларды жүзеге асыруға, библиографиялық және ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған.
Бұл әріптестік ұлттық рухани мұраны сақтау мен насихаттауға, кітапхана және баспа ісі саласындағы өзара байланысты нығайтуға, сондай-ақ жаңа бастамаларды бірлесіп іске асыруға мүмкіндік береді.