Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жаңалықтар

2024-03-14

14 наурыз – «Көрісу күні – Амал мерекесі»

14 наурыз – «Көрісу күні – Амал мерекесі»


Қазақстандықтарды Көрісу күні – Амал мерекесімен құттықтаймыз!

      Бүгін елімізде Наурыз мейрамын тойлау онкүндігі бастау алды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Наурызнаманың» жаңа концепциясы дайындалды. Оның аясында қазақстандықтар еліміздің басты мерекесін 10 күн тойлайтын болады.
🔹«Амал мерекесі» қауышу күні ғана емес, бұл ең алдымен – өмірді жаңа парақтан бастауға, өткенге разы болып, болашақты сеніммен қарсы алуға үндейтін мереке.

14 наурызда қонаққа бару, үлкендерге құрмет көрсету және бір-бірін көктемнің басталуымен құттықтау дәстүрге айналған. Көрісу күні – Наурыздың алғашқы хабаршысы және бізге дәстүріміз бен ортақ құндылықтарымыз біріктіретін бір отбасы екенімізді еске салады.
Бұл күнде баршаңызды сағынышпен көрісіп, мейірімдеріңізбен бөлісуге шақырамыз!

 ►Биылдан бастап Наурыз мейрамы жаңаша тойланады