Жаңалықтар
2024-06-04
Баршаңызды Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймыз
Бұл – ерекше дата. Көк байрағымыз бен елтаңбамыз, әнұранымыз — тарихымызды, мәдени мұрамызды, күшіміз бен болашаққа ұмтылысымызды айшықтайтын қасиетті нышан. Ел Президенті мемлекеттік рәміздерде бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайтатын құдыретті күш бар екенін бірнеше рет атап өтті. Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу – биік азаматтық пен шынайы патриотизмнің айқын көрінісі. Мемлекеттік ту Қазақстанның еркіндігі мен біртұтастығын, Елтаңба — біздің жүріп өткен тарихи жолымыз бен бірлігімізді бейнелейді, ал Әнұран Отанға деген мақтаныш пен сүйіспеншілік сезімін оятады. Баршаңызды еліміз үшін маңызды мерекемен құттықтаймыз! Мемлекеттік рәміздерді әр азамат мақтан тұтып, құрметтеп-қастерлей берсін! Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, рәміздіріміздің мәртебесі биік болсын!
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі