Жаңалықтар
2025-01-28
Астанада «Nomad Inspiration» бағдарламасының премьерасы өтті
«Астана Опера» театрының Үлкен залында HasSak этно-фольклорлық ансамблімен бірлесіп әзірленген Nomad Inspiration бағдарламасының премьерасы өтті. Бағдарламаға ұлттық хореографиялық қойылымдар мен аспаптық музыка енген.

Бұл жарқын іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Бағдарламада HasSak ансамблінің әсерлі музыкасына құрылған «Той бастар» және «Аралым» қойылымдарының премьерасы, сондай-ақ композитор Хамит Шанғалиевтің музыкасына жазылған «Әлем» («Әлемнің негіздері») туындысы ұсынылды. Бұған қоса, бағдарламада «ХасСақнама», «Ұлы Жібек жолы», «Зәурен», «Аңсау», «Өрлеу», «Тұран жолбарысы» және «Тарту» сынды HasSak этно-фольклорлық ансамблінің туындылары орындалды.
ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі