Жаңалықтар
2025-04-17
Қазақстан Жапониядағы EXPO көрмесінде донорлық жүректі ұзақ мерзімге сақтауға арналған құрылғыны таныстырды
Оны өзіміздің UMC Жүрек орталығы әзірлеген. ALEM деп аталады.
Оны өзіміздің UMC Жүрек орталығы әзірлеген. ALEM деп аталады.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, дәстүрлі әдіспен органды сақтау мерзімі небәрі 4–6 сағат болады. Ал отандық технология донорлық жүректі 24 сағаттан астам уақыт сақтауға мүмкіндік береді.
Құрылғының донорлық ағзаны сақтап қана қоймай, қажеттілік туындағанда емдеу мүмкіндігі де бар.